Спорт Қазақстан
$442.05 €474.14 ₽4.74
×

Қолма-қол төлем ғана қабылдайтын жүргізушілердің рейтингі төмендейді

10.01.2024ж. 20:00
409
Қолма-қол төлем ғана қабылдайтын жүргізушілердің рейтингі төмендейді

Такси операторлары салықтан жалтарып, қолма-қол төлем ғана қабылдайтын жүргізушілердің рейтингін төмендетеді. Яғни, тапсырысы да азаяды. Сондықтан заңға сәйкес, таксистер жеке кәсіпкер ретінде тіркелгені абзал, - дейді Қаржы вице-министрі Ержан Біржанов. Кәсібін рәсімдеу үшін салық органдарына жүгінуі керек. Немесе мобильді қосымша арқылы заңдастыру мүмкіндігі берілген.

ЗКТ: Қолданыстағы заңда таксистер үшін арнайы салық режимі бар. Олар жеке кәсіпкер ретінде тіркеліп, 1 процент табыс салығын төлеуге міндетті. Оған әлеуметтік төлемдерді қосыңыз. Бүгінгі таңда 213 мың адам такси агрегаторлармен жұмыс істейді. Оның 83 проценті үшін бұл -қосымша табыс. Ал 17 мыңнан астам жүргізуші жеке кәсіпкер ретінде тіркелген. Бейресми еңбек етіп жүрген таксистердің өз уәжі бар.

БЛИЦ-САУАЛНАМА:

- Тіркелген жоқпыз. Біз индрайверге тіркелдік, болды. Қайдан біз жеке кәсіпкерміз? Басымызда кредитіміз бар. Өзіміздің баспанамыз жоқ. Квартираға төлейміз. Бізде қандай жағдай бар, айтыңызшы?
- Таксистам и так тяжело. Они же не работают от того что им охота. Мне кажется лишний налог им.
-Төлемеу керек шығар деп ойлаймын. Өздерінің тауып жатқан ақшасы.

Қаржы министрлігінің өкілдері бұл пікірмен келіспейді. Яндекс, Индрайвер секілді операторлар алған комиссиялары үшін ғана салық төлеп жүр. Ал әр жүргізуші негізгі табысын бөлек көрсетіп, тиісті құн салығын беруі тиіс. Дегенмен, билік өкілдері болашақта заңға тағы өзгеріс енуі мүмкін екенін жасырмады.

Ержан БІРЖАНОВ, ҚР ҚАРЖЫ ВИЦЕ-МИНИСТРІ:

Операторды біз салық төлеуші ретінде қарауға ұсыныс алып жатырмыз. Егер таксист өзі оператор арқылы жұмыс жасайтын болса, ол салықты оператор ұстап, бюджетке аударса, біз оны сондай міндетінен босатуды қарастырып жатырмыз. Бұл енді болашақ кодекстің нормалары болады деп ойлаймыз. Біз оны бизнеспен талқылап жатырмыз.

Айсәуле СЪЕЗБЕК, ТІЛШІ:

Дегенмен бұл ұсыныс таксист салықтан босатылады дегенді білдірмейді. Тек оператор комиссиядан тыс салықты қатар алып отырады. Министрлік норманы енгізсе, табысын жасырған жүргізушілердің салық төлеуден басқа амалы қалмайды.