Спорт Қазақстан
$442.05 €474.14 ₽4.74
×

Астана әуежайында ауа райына байланысты ескерту жарияланды

10.01.2024ж. 20:00
416
Астана әуежайында ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Бүгін Астана халықаралық әуежайынан 7 рейс кешіктірілді. Себебі, желдің екпіні қатты. Үздіксіз жауған қар ұшып-қонуға кедергі келтіруде. Әуе айлақты қалың қардан тазалау жұмыстары үздіксіз жүріп жатыр. 10 арнайы техника жұмылдырылған. Рейстер туралы ақпаратты әуежайдың ресми сайтынан білуге болады. Сондай-ақ елорда әуежайында тәулік бойы бірыңғай байланыс орталығы жұмыс істейді.