Спорт Қазақстан
$443.35 €475.54 ₽4.82
×

Елена Рыбакина халықаралық турнирді жеңіспен бастады

AstanaTV
10.01.2024ж. 23:12
611
Елена Рыбакина халықаралық турнирді жеңіспен бастады

Қазақстанның бірінші, әлемнің үшінші ракеткасы Елена Рыбакина Брисбендегі жеңісінен кейін Аделаиде (Аустралия) турниріне қатысып жатыр. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Елена Рыбакина Аделаиде (Аустралия) WTA 500 турнирін 1/8 финалдан бастады. Ол дүниежүзілік рейтингте 61-орында тұрған испаниялық теннисші Кристина Бучамен кездесті. Алғашқы сетте қазақстандық теннисші 6:3 есебімен қарсыласынан басым түсті. Екінші сетте де Рыбакина испаниялық ойыншыға дес бермеді (7:5). Матч 1 сағат 32 минутқа созылды. Енді Елена ширек финалға шығу үшін ресейліктер Екатерина Александровамен (21-орын) немесе Вероника Кудерметовамен (16-орын) шеберлік байқасады. Еске салайық, жақында Елена Рыбакина Брисбен (Аустралия) WTA 500 турнирінің финалында Беларусь теннисшісі Арина Соболенконы жеңіп, чемпион атанған болатын. Кейін ол Әйелдер теннисі қауымдастығының (WTA) рейтингінде үшінші орынға көтерілді.