Спорт Қазақстан
$443.37 €474.49 ₽4.83
×

Димаштың Будапештегі концертіне әлемнің 361 қаласында билет сатылды

AstanaTV
10.01.2024ж. 19:30
416
Димаштың Будапештегі концертіне әлемнің 361 қаласында билет сатылды

Димаштың Будапеште өтетін концертіне әлемнің 361 қаласынан тыңдармандары билет сатып алған, деп хабарлайды Kazinform.

«Венгрия астанасы Будапешт қаласында 2024 жылы 4 мамыр күні жоспарланған Димаштың «Stranger» атты концертіне ұйымдастырушылардың берген мәліметіне сейкес, осы кезге дейін Аргентина, Австралия, Австрия, Бельгия, Босния, Болгария, Канада, Колумбия, Хорватия, Кипр, Чехия, Дания, Сальвадор, Эстония, Финляндия, Франция, Грузия, Германия, Греция, Қытай, Венгрия, Чили, Индонезия, Ирландия, Израиль, Италия, Жапония, Қазақстан, Қырғызстан, Латвия, Литва, Люксембург, Македония, Малайзия, Мексика, Нидерланд, Жаңа Зеландия, Норвегия, Перу, Польша, Португалия, Румыния, Ресей, Сербия, Сингапур, Словакия, Словения, Оңтүстік Африка, Оңтүстік Корея, Испания, Швеция, Щвейцария, Тунис, Түркия, Украина, Ұлыбритания, Уругвай, АҚШ, Беларусь елдерінің 361 қаласынан билеттер алыныпты. Ықылас, ниеттеріңіз үшін көп рахмет, қымбатты достар! Концертте кездескенше!», - деп жазды әншінің әкесі Қанат Айтбаев Facebook парақшасында.