Спорт Қазақстан
$443.35 €475.54 ₽4.82
×

«Нәжіс иісіне тұншығып отырмыз», - тұрғын

«Нәжіс иісіне тұншығып отырмыз», - тұрғын

«Әкімдік берген үйде сасық иіске тұншығып отырмыз». Қызылордалық көпбалалы және әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға берілген баспанада тұратындар осылай деп шағымданды. Айтуларынша, 2022 жылдың күзінде бұл үйлер тұрғындарға уақытша паналауға беріліпті. Өте ескі ғимаратта кәріз жүйесі істен шыққан. Ауыз су, жарықтың да жайы мәз емес көрінеді.

Ұлболсын Мырзабек 5 баланы жалғыз тәрбиелеп отыр. Бұл үйге 1 жарым жыл бұрын көшіп келген. Әкімдіктегілер үй кезегі келгенше тек коммуналдық төлемдерді төлеп тұратынын айтқан. Кәріз жүйесінен шыққан иіс қолқаны қабады. Ғимарат ескі болғасын мәселе шаш етектен.

Ұлболсын МЫРЗАБЕК, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:

Тығылысып бір бөлмеде жатамыз, тамақ дұрыс істей алмаймыз. Иіс шығады газден. Балоннан қорқамыз. Свет 2-3 рет тоқ шәйнегім от шығып қорқып балаларым. 1-2 рет бардым, уақытша баспана дұрыс жерден бересіздер ма деп. Ұнамаса квартираға шығыңдар деді. Сосын амал жоқ отырмын осы жерде.

Тұрғындардың айтуларынша, мұнда жарық жиі өшіп, әбігерге салады екен. Ал 29 желтоқсан күні бір пәтерді жалын шарпыған. 21 жастағы мүмкіндігі шектеулі қыз иіске тұншығып көз жұмған. Тұрғындар өрт электр сымдарының қысқаша тұйықталуынан болуы мүмкін деп үрейленіп отыр. Мәселесі қордаланған баспанада тұратындар бәрінен бұрын балаларының денсаулығына алаңдайды.

Жағдайға әкімдіктегілер де жақсы қанық. Дегенмен, үйді пайдалануға бергенде демеушілер арқылы күрделі жөндеуден өткіздік дейді олар. Сондықтан мәселе тұрғындардың өзінде деп отыр.

Абзал РЫСБЕК, ҚАЛАЛЫҚ ТҰРҒЫН ҮЙ ИНСПЕКЦИЯСЫ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ:

Қазір әр түрлі отбасы бар. бала-шағалы дегендей. Сол кәріз жүйесіне неше түрлі тұрмыстық заттар, басқа да заттарын тастау салдарынан ол бітеледі да, сол себепті бұл істеп шығады. Бір айдан кейін осы жағдай тағы да қайталанып отыр. Қазір қала әкімдігі тарапынан ақау актісі жасалып, қажетті материалдар алу жұмыстары жүргізілуде.

Жыл соңына дейін қалада 600-ге жуық отбасына жаңа үйдің кілті табысталады. Бірақ, өлместің күнін кешіп отырмыз деген 15 отбасының ол тізімде бар-жоға белгісіз.