Спорт Қазақстан
$441.66 €475.14 ₽4.86
×

Павлодарда қатты дауыл соғып,100-ден астам елдімекен жарықсыз қалды

11.01.2024ж. 20:00
440
Павлодарда қатты дауыл соғып,100-ден астам елдімекен жарықсыз қалды

Павлодарда 100-ден астам елдімекен жарықсыз қалды. Қатты дауылдан үш ауылда ғимараттардың шатыры ұшты. 56 жөндеу бригадасы қазір жұмыс істеп жатыр. Бүгін барлығына электр энергиясы беріледі дейді жауаптылар. Ал боран кезінде малшы жоғалып кеткен, оны іздестіру шаралары жалғасуда. Сондай-ақ, жолда қалған жолаушылар құтқарылды.

Асқарбек ОМАРОВ, ОБЛЫСТЫҚ ТЖД БАСҚАРМА БАСТЫҒЫ:

8 адам және 2 бала құтқарылып және 4 адам эвакуацияланды. Және 11 қаңтар күні сағат 3-тен 50 минут кеткенде ТЖД Баянауыл ауданында Қоңжыкөл зимовкасында малшы жоғалғаны туралы қазір осы малшыны іздестіру жұмыстары өзкізіліп жатыр.

Ал Ақтөбе облысында Қарабұтақ-Қостанай тас жолында жолаушылар автобусы бұзылып қалды. Онда 59 шетел азаматы болған, арасында балалар бар. Өзбекстан мен Тәжікстан азаматтары Шымкент қаласынан шығып, Ресейдің Челябинск қаласына бет алған. Барлық жолаушы аман-есен жылыту бекетіне жеткізілді.

Асылхан БЕКБОСЫНОВ, ОБЛЫСТЫҚ ПД ЖПБ АҒА ИНСПЕКТОРЫ:

Полиция қызметкерлері жергілікті атқарушы органдармен ТЖД қызметкерлерімен бірлесіп, жолаушыларды эвакуациялады. Ер адамдар мешітке, ал әйел адамдар колледж жатақханасына орналастырылды. Ол адамдардың ішінде көмекке мұқтаж адам болған жоқ.