Спорт Қазақстан
$439.43 €473.31 ₽4.82
×

Такси жүргізушісі полицейлердің қызметтік көлігін әдейі соқты

11.01.2024ж. 20:00
403
Такси жүргізушісі полицейлердің қызметтік көлігін әдейі соқты

Қостанайда такси жүргізушісі пышақпен қорқытқан жолаушыдан құтылу үшін полицейлердің қызметтік көлігін әдейі соққан. Күдікті ұсталды.

Полицейлердің хабарлауынша, Рудныйдың екі тұрғыны облыс орталығына таксимен барған. Жолаушының бірі қалаға кіре берісте жүргізуші мойнына пышақ тақап, ақша талап еткен көрінеді. Ал тонаушыдан құтылмақ болған такси тізгіндеуші полицейлердің қызметтік көлігін көріп, әдейі барып соққан. Көліктен шыға қашқан күдікті ұсталып, уақытша қамауға алынды. Енді ол төрт жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Ешкім зардап шеккен жоқ. Қызметтік автокөлікке сәл ғана залал келді дейді, департамент өкілдері.

Нұрлыбек БАЙГЕНЖИН, ҚАЛАЛЫҚ ПАТРУЛЬДІК ПОЛИЦИЯ ҚЫЗМЕТІНІҢ АҒА ИНСПЕКТОРЫ:

Ақ көліктің ішінен бір азамттың қашып бара жатқанын көріп қалдық.Сол көшенің бойында оны ұстап алдық.Жол бойына пышақты лақтырғанын байқадық.Сосын сол орында жедел тергеу тобын шақырдық.