Спорт Қазақстан
$439.43 €473.31 ₽4.82
×

Түркістан облысында екі көлік соқтығысып, үш адам қаза тапты

Түркістан облысында екі көлік соқтығысып, үш адам қаза тапты

Түркістан облысында жантүршігерлік жол апаты болды. 3 адам қаза тапты. Жеті адам ауруханаға жеткізілген. Бәйдібек ауданының тұсында "ВАЗ" және "Hyundai Sonata" көліктері соқтығысқан. Екеуінің де сау-тамтығы қалмаған. Сол жерде бір адам қайтыс болды, екеуі аурухана жетемін дегенше жан тапсырды. Қазір үш адам аудандық аурухананың жансақтау бөлімінде жатыр. Санавиациямен облыстан травматолог, абдоминальді хирург, нейрохирург сынды мамандар шақыртылған. Куәгерлердің дерегінше, жол апатына ұшырағандар -Созақ ауданының тұрғындары. Жол көлік оқиғасының себеп салдарын полиция анықтап жатыр.