Спорт Қазақстан
$442.05 €474.14 ₽4.74
×

Хорватияда өтіп жатқан әлемдік рейтингтік турнирде Қазақстан қоржынына алғашқы жүлде түсті

AstanaTV
11.01.2024ж. 15:39
432
Хорватияда өтіп жатқан әлемдік рейтингтік турнирде Қазақстан қоржынына алғашқы жүлде түсті

Еркін күрестен 86 келіде Париж Олимпиадасының жолдама иеcі, әлем чемпионатының екі дүркін қола жүлдегері Азамат Дәулетбеков осы жолы күміс жүлдеге ие болды.

Алдымен 1/16 финалда Азамат үндістандық Дипак Пунияны оңай ұтты – 6:2. Дипак оңай шағылар жаңғақ емес еді, себебі ол – былтырғы жазғы Азия ойындарының күміс жүлдегері, 2019 жылғы әлем чемпионатының күміс жүлдегері. Сонан соң Валентин Бабилге еш мүмкіндік қалдырмады – 11:0. Ал ширек финалда грузиялық Евсем Швелидзені ұтты – 10:0.

Израильдік қарсыласы Матт Файнсилверді осы есеппен жеңіп, финалға шықты.

Ал финалда жерлесіміз болгариялық Магомед Рамазановпен кездесіп, қарсыласына жол берді. Магомед – тәжірибелі балуан. Ол Ресей сапында 2019 жылы әлем кубогында топ жарған, 2024 жылдан бастап Болгарияның намысын қорғайды.