Спорт Қазақстан
$441.44 €473.09 ₽4.75
×

Алматыдан 19 Африка азаматы еліне қайтарылды

AstanaTV
11.01.2024ж. 16:01
445
Алматыдан 19 Африка азаматы еліне қайтарылды

Алматыда көші-қон заңнамасын бұзған Африка құрлығының 19 азаматы еліне қайтарылды.

– Аталған шетелдіктер біздің елде болған кезінде халықтың көші-қоны саласындағы заңнаманы бұзған, атап айтқанда, заңда белгіленген мерзімде Қазақстан Республикасының аумағынан шықпай, сот шешімімен мемлекетімізден шығарып жіберу түрінде әкімшілік жазаға тартылды. Айта кету керек, әуе тасымалы қала әкімдігінің көмегімен ұйымдастырылды. Ол бірнеше кезеңде өтеді. Африкадан келген заңсыз келімсектердің кезекті легін қаңтар айының соңына дейін жөнелту жоспарланған, – деді Алматы қалалық ПД көші-қон қызметі басқармасының бастығы Асхат Бутунчинов.