Спорт Қазақстан
$442.05 €474.14 ₽4.74
×

Көлік салығын төлеу мерзімі қашан?

AstanaTV
12.01.2024ж. 07:43
841
Көлік салығын төлеу мерзімі қашан?

Автокөлігі бар жеке тұлғалардың көлік салығын төлеу мерзімі жақындады.

Жеке тұлғалардың 2023 жылға көлік салығын төлеу мерзімі 2024 жылдың 1 сәуірінде аяқталады. 2023 жылғы салықты есептеу кезінде былтырғы 3 450 теңге мөлшеріндегі айлық есептік көрсеткіш қолданылады.

Көлік құралдарына салынатын салықтың сомасын kgd.gov.kz web-порталындағы және «e-Salyq Azamat» мобильді қосымшасындағы салық калькуляторының көмегімен дербес есептеуге болады. Бұл ретте есептік сальдоны анықтау үшін салық органдары жыл сайын жеке тұлғалардың көлік құралдарына салынатын салықты тиісті жылға есептейді.