$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Қызылорда облысы Қазалы ауданында мектеп пен мәдениет үйі пайдалануға берілді

Қызылорда облысы Қазалы ауданында мектеп пен мәдениет үйі пайдалануға берілді

Қызылорда облысы Қазалы ауданының тұрғындары 10 жыл күткен мектеп пайдалануға берілді. Бұрын балалар бірнеше шақырым жердегі мектепке жаяу қатынаған екен. Кейін арнайы автобустар бөлінген. Ал оған үлгермегендер сабаққа уақытылы жете алмай, әбігерге түскен. Енді бұл қиындықтар артта қалып, жаңа білім ордасы пайдалануға берілді. 250 орынға лайықталған мектеп заман талабына сай жабдықталған. Балалары жайлы ғимаратта білім алатын ата-аналардың қуанышында шек жоқ.

Ардақ САДЫҚОВА, ҚАЗАЛЫ АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Үйімізден өріп отырған балалардың барлығы 7 км жерде сандалып жүрді. Әдепкіде не газель не балаларға бөлінген автобус болмады. Балалар жаяу жалпылап сол жаққа қатынады. Жаңа мектептің үлгісінде салынған мектебіміздің ашылғанына қуаныштымыз.

Сонымен қатар, аудан орталығында 600 орындық мәдениет үйі ашылды. Облыстық бюджеттен қаржыландырылған. «Кең, сондықтан балаларға арналған үйірме санын арттыруға мүмкіндік туды» дейді өнер адамдары.

Балқыз ӨМІРЗАҚ, ДОМБЫРА ҮЙІРМЕСІНІҢ ЖЕТЕКШІСІ:

Үлкен мүмкіндіктер бар, дайындыққа, қосымша үйірмелерге, жетістіктерге. Барлығына жағдай жасалған. Балаларда облыстық, халықаралық жетістіктер бар. Көптеген байқауларға, мәдени шараларға қатысып келеді.