Спорт Қазақстан
$442.05 €474.14 ₽4.74
×

Алматы хайуанаттар бағы жаңа жануарлармен толықты

AstanaTV
13.01.2024ж. 08:31
602
Алматы хайуанаттар бағы жаңа жануарлармен толықты

Өткен жылы Алматыдағы хайуанаттар бағындағы 25 түрлі жануардан 80 төл алынған, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ.

Бұл туралы Алматы қаласының мәдениет басқармасы мәлімдеді.

Басқарма басшысының айтуынша, ақ қонжықты іздеуге және оны Алматыға жеткізу туралы келіссөздерге екі жарым жылға жуық уақыт кеткен.

Хайуанаттар бағы амур жолбарысы, кірекей ақ аю, зебра, ұрғашы шимпанзе және қызғылт фламинго сынды жануарларымен толықты. 2023 жылы хайуанаттар бағындағы 25 түрлі жануардан 80 төл алынған. Олардың арасында көгілдір қой, шотланд понидің құлыны, кенгуру, кірпі, лемур, теңбіл бұғы, үй қодасы, чапман зебрасы, су сиыр, қозықұмай, құмай, жапон тырнасы, тау қазы, африкалық улы сұр жылан, шығыс колобусы және т.б. бар. Әсіресе, ақ қонжықты іздеуге және оны Алматыға жеткізу туралы келіссөздерге екі жарым жылға жуық уақыт кетті. Ақыры ақ кірекейді тегін алдық. Қазір Швеция хайуанаттар бағының бірімен Пургамыздың жұбын әкелу үшін келіссөздер жүргізіп жатырмыз, – деді Ғани Майлыбаев.

Бүгінде Алматы хайуанаттар бағына келушілерге ұнаған Паша есімді еркек шимпанзе өткен жылы Лола аттты жұбын тапқан, ол да Пургу сияқты Мәскеуден жеткізілді. Алғашында маймылдар бөлек өмір сүріп, бір-бірін сырттан бақылап жүрді. Қазір олар бір-біріне үйреніп, дос болды. Дәл осындай урман жолбарысына ұрғашысы таңдалды. Сонымен қатар хайуанаттар бағы грант зебраларымен толықты, олар піл, су сиыр және бөкендермен бірге 2024 жылдың соңында құрылысы басталатын «Африка саваннасын» мекендейді.

Былтыр Алматы хайуанаттар бағының мамандары Нарынқол ауданы, Сарыбастау ауылының маңында әлсіреген еркек қар барысын құтқарды. Үш айға жуық емдеуден және күтімнен кейін жануар Іле Алатауы ұлттық саябағының аумағына жіберілді, - дейді Алматы қаласы мәдениет бақармасының басшысы Ғани Майлыбаев.