Спорт Қазақстан
$441.66 €475.14 ₽4.86
×

Павлодарда әкесін өлтірген ер адам сот залынан босатылды

AstanaTV
13.01.2024ж. 07:00
682
Павлодарда әкесін өлтірген ер адам сот залынан босатылды

Павлодардағы №2 сотында ҚК-нің 104-бабының 1-бөлігі – «Абайсызда адам өліміне әкеп соғу» туралы іс қаралды, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz 

Былтыр 11 шілдеде екі мас ер адам өзара сөзге келіп қалған. Әкесі еш жерде жұмыс істемейтін және бос жүрген 35 жастағы ұлын үйден қуып жібергісі келген.

Жанжал кезінде жас жігіт әкесінің бетінен ұрып, бар күшпен итеріп жіберген. Әкесі тепе-теңдігін жоғалтып, басын батарейге соққан. Есін жоғалтып, орнынан тұрмақ болған. Алайда зейнеткер алған жарақаттарынан есін жимастан көз жұмған, – делінген № 2 соттың баспасөз қызметі таратқан мәліметте.

Мұндай қылмыс үш жылға бас бостандығынан айырумен жазаланады.

Сотталушы мүліктік залалды өз еркімен моральдық зиянды өтеген жағдайда жазадан құтылуы мүмкін. Бұл тармақ ҚР Қылмыстық кодексінің 55-бабы бірінші бөлігінің бірінші бөлімшесінде көзделген.

Үкім заңды күшіне енген жоқ, сотталушы сот залынан босатылды.