Павлодар облысында екі көлік соқтығысып, екі адам қаза тапты, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.
Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 12 қаңтарда Екібастұз 1-МАЭС станцияға баратын көпірде Mitsubishi маркалы автокөліктің жүргізушісі Volvo маркалы автобусты басып озып, қарсы жолаққа шыққан кезде Audi жеңіл көлігімен соқтығысты.
"Жол-көлік оқиғасы салдарынан Audi автокөлігінің жүргізушісі мен жолаушысы жарақат алып, оқиға орнында қайтыс болды. Екінші жолаушы ауруханаға жеткізілді", - деп хабарлады департамент.