Спорт Қазақстан
$444.14 €477.05 ₽4.85
×

Жетісу облысында екі тәулікте қардан 39 адам құтқарылып эвакуацияланды

AstanaTV
14.01.2024ж. 17:23
474
Жетісу облысында екі тәулікте қардан 39 адам құтқарылып эвакуацияланды

12 және 13 қаңтар ауа райының қолайсыздығына, нашар көріну жағдайына байланысты республикалық маңызы бар "Үшарал-Достық" автожолында қарлы боранда 49 автокөлік, оның ішінде 42 жүк көлігі қар құрсауында қалды.

ТЖД күштерімен қар құрсауынан Достық және Көктума станциясына 39 адам, оның ішінде 15 Беларусь Республикасының азаматы құтқарылды.

15 жүргізуші эвакуациядан бас тартып өз автокөліктерінде қалды.

Жүргізушілердің айтуынша, оларда апталық жанармай және азық-түлік қоры болған.