Ақмола облысында автокөліктің жануы жойылды
Ерейментау ауданының Ерейментау қаласында жеңіл автокөліктің қозғалтқыш бөлігінде өрт шықты, деп хабарлайды Astana TV.
ТЖМ құтқарушылары шақыру орнына келген сәттен бастап 6 минут ішінде өртті сөндірді. Зардап шеккендер жоқ.
Өрттің алдын ала себебі - қозғалтқыш бөлігіндегі электр сымдарының қысқа тұйықталуы.