Жапония жағалау күзеті КХДР-дың баллистикалық зымыран ұшырғанын мәлімдеді. Kazinform бұл туралы ТАСС-қа сілтеме жасап хабарлайды.
Жапонияның бақылаушы кемелері сол өңірде тұратын тұрғындарды зымыран бөлшектерін байқаған жағдайда оған жақындамай, бірден билік өкілдеріне хабарласуға шақырды. Сондай-ақ күзет зымыран құлап үлгерді деген болжам жасады.
- Бүгін шамамен 14:55 шамасында Пхеньян аумағынан Жапон теңізіне қарай, болжам бойынша, орташа қашықтыққа жететін бір баллистикалық зымыран ұшырылды, - деп мәлім етті Корея Республикасы Қарулы күштері Штаб басшылары комитеті.
Агенттіктің сөзінше, бұл санатқа 3 мыңнан 5,5 мың шақырымға дейін ұшатын зымырандар жатады.
Корея Республикасының Қорғаныс министрі Син Вон Сик бұған дейін КХДР қаңтарда орташа қашықтыққа ұшатын жаңа баллистикалық зымыранды сынақтан өткізуі мүмкін екенін мәлімдеген еді. Баллистикалық зымырандар Пхеньяннан ұшырылған жағдайда Америка базасы орналасқан Гуамаға дейін жетуі ықтимал.