Ақмола облысы аумағында «Астана-Петропавл» трассасында 15 автокөлік соқтығысты.
Облыстық ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, жол-көлік оқиғасы бүгін, 14 қаңтарда сағат 11:57 шамасында «Астана-Петропавл» тас жолының 150 шақырымда, Жаңаталап ауылы маңында болды.
- Ауа-райының жайсыздығына байланысты Щучье қаласынан 100-ге жуық автокөлікті «Тұлпар 503» экипажы алып жүрді. Алайда, жүргізушілердің арақашықтықты сақтамауына байланысты 15-ке жуық көлік соқтығысты. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер болған жоқ, - деді облыстық ПД ақпаратында.
Айта кетсек, демалыс күндері тәртіп сақшылары 600 жуық автокөлікті алып жүрді.