Спорт Қазақстан
$443.37 €474.49 ₽4.83
×

Тараз қаласындағы «Ұлы дала» шағын ауданында жаңа мектеп пайдалануға берілді

15.01.2024ж. 20:00
553
Тараз қаласындағы «Ұлы дала» шағын ауданында жаңа мектеп пайдалануға берілді

Тараз қаласындағы «Ұлы дала» шағын ауданында жаңа мектеп пайдалануға берілді. Замануи білім ордасы 1200 орынға лайықталған. Бұл қаладағы ең үлкен ауданның бірі. Қазір мұнда 25 мыңнан астам тұрғын бар. Бірақ, осыған дейін мектеп болмаған. Ата-аналар балаларын әр жердегі білім ошағына тасып, әбігерге түсетін. «AMANAT» партиясының өңірлік Сайлауалда бағдарламасы аясында мәселе шешілді. Мектеп құрылысына облыстық бюджеттен 3,1 миллиард теңге бөлінген. Лингафон кабинеттері, зертхана, 350 адамға арналған акт залы, оқу залы бар кітапхана мен 400 орындық асхана, шеберхана қарастырылған. Сондай-ақ, оқу кабинеттері интерактивті тақтамен жабдықталған.

Әмірбек ЖАЙНАБЕКОВ, АТА-АНА:

Үлкен немерелерімді басқа 54 мектепке оқыттым. Өте қиын еді ол кезде асфальт та жоқ еді. Балшық, жаңбыр қар болатын. Міне бүгінде "Ұлы дала" мөлтек ауданында үлкен жарықты әрі сәулетті 64 мектеп ашылды. Өте қуаныштымыз.