$494.87 €520.65 ₽4.91
×

"От-күлін шығарысқандай жазады ғой": әнші Балжан Бидаш сәтсіз некесіне нүкте қойды

AstanaTV
15.01.2024ж. 23:22
936
"От-күлін шығарысқандай жазады ғой": әнші Балжан Бидаш сәтсіз некесіне нүкте қойды

Танымал әнші Балжан Бидаш сәтсіз некесі туралы айтты. Бұл туралы ол өзінің әлеуметтік желідегі парақшасына жазды,-деп хабарлайды smartnews.kz.

Әнші өткен өміріне еш өкінбейтінін және ешкімге реніші жоқ екенін жеткізді. Жолы ашық болу үшін бар ашу-ызасын алып тастауға тырысып жүргенін жеткізді.

"Өткенге өкінбеймін. Жаратушымыздың заңы бойынша кемелдену үшін көру керекті көреміз. Өмірді ұғыну үшін әр түрлі жолдарды кешіп, таңдау жасаймыз.Ол сынақтардан сен оған немесе ол саған бірдеңе бергенін ұғыну да соңында маңызды. Ешкімге ренішім жоқ. Жолым ашық болу үшін ашу, ыза, агрессия, ренішті мидан алып тастауға тырысып жатырмын. Адамдарға, өмірге деген ренішің бітпейінше, проблемаларың да бітпейді екен. Алдыма түсіп, "былай жасай деп жатқан ақылшылар болып жатыр. Бізбен тұрып, от-күлін шығарысқандай жазады ғой. Ондай адамдар жақындарына қауіпті деп ойлаймын. Мұндай жағдайды екі адамнан артық ешкім білмейді. Сондықтан өздері шешкен дұрыс", - деп жазды Балжан Бидаш.