Спорт Қазақстан
$443.44 €480.51 ₽4.88
×

Чесноков «Тобылда» қалатын болды

AstanaTV
16.01.2024ж. 20:00
406
Чесноков «Тобылда» қалатын болды

ATP рейтингінде 27-ші орында тұрған Қазақстанның жекелей сындағы үздік теннисшісі Александр Бублик Австралияның ашық чемпионатында алғашқы кездесуін өткізді. Бублик Үндістан өкілімен, әлемнің 137-ші ракеткасы Сумитомо Началмен бақ сынасты. Ойын басталғанға дейін Бублик айқын фаворит болып саналды, алайда, нәтижесінде қазақстандықтың қарсыласы үш сетте күтпеген жеңіске жетті - 6:4, 6:2, 7:6. Матч 2 сағат 41 минутқа созылды.

БУБЛИК ҚАРСЫЛАСЫ ЕСЕ ЖІБЕРДІ

Әлемнің 11-ші теннисшісі Каспер Рууд турнирдің екінші айналымына шықты. Бірінші кезеңде ол 6:1, 6:3, 6:1 есебімен әлемнің 85-ші спортшысы Альберта Рамос-Вальолсаны жеңді. Кездесу 2 сағат, 6 минутқа дейін созылды. Рууд 5 эйс жасап, 5 қос қате жіберді. Сондай-ақ ол 12 брейк-пойнттың 6-ын сәтті орындады. Рамостың нәтижесіне келетін болсақ: 2 эйс, 2 қос қате.

Сонымен қатар турнирде поляк теннисшісі Ига Швентек Американдық София Кенинді 7:6, 6:2 есебімен жеңіп, келесі айналымға шықты. Кездесу 1 сағат, 52 минутқа дейін созылды.

Естеріңізге сала кетейік, Мельбурнде өтіп жатқан Australian Open турнирі 14-27 қаңтар аралығында өтеді. Жүлде қоры: 58 млн доллорды құрайды. Былтыр ерлер арасында Новак Джокович үздік болса, әйелдер арасында Арина Соболенко отандасымыз Елена Рыбакинаны финалды ұтып, жеңіс тұғырынан көрінді.

РУУД РАМОСТЫ ЖЕҢДІ

Енді өзге ақпарат. Шығыс конференциясының аутсайдерлері астаналық «Барыс» тольятилік «Ладамен» кездесті. Ойынға дейін «Барыс» кестеде соңғы орында болса, ресейлік клуб алтыншы орында еді. Бірінші айналым қонақтардың минималды жеңісімен аяқталды. Екінші айналымда Андрей Шутовтың қақпасына 2 жауапсыз шайба кірді. Айдын иелері шабуылдарын үдеткенімен, ештеңе шықпады. Соңғы 20 минутта «Лада» хоккейшілері қателікке бой алдырмады. Есеп 3:0, ресейліктердің еншісінде.

«Барыс» бас-бапкерінің міндетін атқарушы Олег Болякин ойын туралы өзінің ойын айтты:

«Өкінішке қарай бүгін ұтылып қалдық. Бір емес, бірнеше мүмкіндігіміз болды. Қарсылас қателіктеріміз үшін 3 гол соқты. Кейін олар қорғаныста ойнады. Тосқауылын бұза алмадық. Жігіттерге қатысты ештеңе айта алмаймын. Жастар жақсы ойнады. Өкінішті, сәл біліктілік жетіспей қалды»

«Барыс» бабында емес Олег Болякин «Барыс» ХК бас жаттықтырушысының м. а.

«Өкінішке қарай бүгін ұтылып қалдық. Бір емес, бірнеше мүмкіндігіміз болды. Қарсылас қателіктеріміз үшін 3 гол соқты. Кейін олар қорғаныста ойнады. Тосқауылын бұза алмадық. Жігіттерге қатысты ештеңе айта алмаймын. Жастар жақсы ойнады. Өкінішті, сәл біліктілік жетіспей қалды»

Қазақстан Ұлттық құрамасының жартылай қорғаушысы Ислам Чесноков Еуропалық клубтардан түскен ұсыныстарды қабылдамай «Тобылда» қалатын болды. Чесноковтың ұлттық құрама мен «Тобыл» үшін көрсеткен сәтті ойындары Еуропа клубтарының назарын аудартты. Нақты ұсыныстар мажарлық «Кишварда» және түрік «Қасымпашыдан» келді. Чесноковтың өзі бұған дейін Еуропаға кетуге ниетті екенін ашық айтқан еді. Ойыншыға «Астанада» қызығушылық танытқан болатын.

Естеріңізге сала кетейік, өткен маусымда Чесноков барлық турнирлерде «Тобыл» үшін 34 матч өткізіп, 8 гол соғып, 4 нәтижелі пас берді. Атап айтқанда, оның есебінде Қазақстан Кубогының финалында «Ордабасыға» қарсы жеңіс голы, сондай-ақ ЕУРО-ға іріктеу матчында Сан-Марино қақпасына екі гол соғып, нәтижелі ойын өрнегін көрсетуі.

ЧЕСНОКОВ «ТОБЫЛДА» ҚАЛАТЫН БОЛДЫ

 «Интер Майами» мен Аргентина құрамасының ойыншысы Лионель Месси ФИФА Халықаралық федерациясының нұсқасы бойынша 2023 жылдың үздік футболшысы атанды. Марапаттау рәсіміне Мессидің өзі келмеді. Іс-шараға дейін спорт сарапшылары бұл атақты «Манчестер Сити» ойыншысы Эрлинг Холанд алады деп болжаған еді. Мүмкін осы жағдайдан кейін Месси бармаған болуы керек. Өкінішке қарай норвег спортшысы марапаттан құр қалды. Сондай-ақ, «Жылдың үздік ойыншысы» атағына «ПСЖ» ойыншысы Килиан Мбаппе де үміткер болған еді.

Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері мен құрама капитаны Асхат Тағыбергеннің кімге дауыс бергені беллігі болды. Адиев бірінші орынға Месси, екіншіге Кевин Де Брюйне, үшіншіге Килиан Мбаппені қойған. Тағыбергеннің үштігі: Мбаппе, Месси, Марцело Брозович.

МЕССИ ҮЗДІК ОЙЫНШЫ АТАНДЫ

Жаңа тегін X5 ойыны (Winline букмекерінен)

Winline қосымшасын жүктеп алыңыз 5 матчтың нәтижелерін таңдаңыз, сонда 5 миллион (теңге) сіздікі болуы мүмкін! Винлайн қосымшасының х5 бөліміне кіріп, экранда көрсетілген ойындардың нәтижесін тапсаңыз жүлде сіздікі! Еш күмәніңіз болмасын, Winline төлейді. 1 ақпаннан бастап Винлайн Ресей Премьер лигасының қысқы кубогы өтеді. "Қайрат" футбол клубымен және Винлайн компаниясымен бірге Сіз Абу-Дабиге жолдама және бағалы сыйлықтар ұтып ала аласыз!