Спорт Қазақстан
$442.05 €474.14 ₽4.74
×

Ауылда арендалық баспана салғандарға 5 миллион теңгеге дейін субсидия беріледі

16.01.2024ж. 20:00
500
Ауылда арендалық баспана салғандарға 5 миллион теңгеге дейін субсидия беріледі

Ауылға үй сал. Үкіметтен ақша ал. Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі баспана салған жұмыс берушілердің шығынын субсидиялау басталғанын хабарлады. Ал Тобыл өңіріндегі шаруалар мен кәсіпкерлер министрлік бекіткен ереженің тиімсіз тұстары көп деп отыр. Мәселе неде? Заңғар Санай айтады.

Заңғар САНАЙ, ТІЛШІ:

Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі бекіткен ережеге сәйкес ауылда немесе ауылдық округте арендалық баспана салғандарға 5 миллион теңгеге дейін субсидия беріледі.Ал шалғайдағы шаруалар мен кәсіпкерлер бұл сомманың тым аз екенін айтады. Өйткені үй салу үшін кемінде 25-30 миллион теңге жұмсалады дейді.

Кәсіпкерлердің айтуынша, субсидия 3 жыл бұрынғы бағамен есептелген. Сондықтан баспананың шаршы метрін 100 мыңнан 300 мың теңгеге дейін көтеруді сұрап отыр.

Марат АХМЕТОВ, АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ТАУАРЫН ӨНДІРУШІЛЕР ҚАУЫМДАСТЫҒЫНЫҢ ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛ ТӨРАҒАСЫ:

Үй салу үшін кемінде 15 миллион ақша керек ғой.70 шаршы метр болса.Өйткені құрылыс материалдары жыл сайын қымбаттап барады.Логистика.Тасымалдау мәселесі.Субсидияны көбейту керек.Өйткені құжаттарын дұрыстау керек.Проект дейді.Соның бәрі шығын ақша.

Жұмыс берушілер баспананың облыс, аудан орталықтарынан 30 шақырым жерде салынуы керек деген шарттың да кедергі екенін айтады. Сондай-ақ жобалау сметалық құжаты мен сараптамадан өткізу пункттерін алып тастауды ұсыныпты.

Геннадий КУКОБА, ОБЛЫСТЫҚ КӘСІПКЕРЛЕР ПАЛАТАСЫНЫҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ:

Біз ұсынымызды министрлікке және ұлттық палатаға жолдадық.Төрт ұсыныс.Бірақ ешқайсысы да өзгерген жоқ.Ереже сол қалпында қалды.Жұмыс берушілер мен ауылдағы кәсіпкерлердің пікірімен санасқаны дұрыс деп ойлаймызз.

Билік өкілдері баспананы ауылға келген маманға арзан бағамен сатуды ұсынып отыр. Кәсіпкерлер палатасы бұған наразы. Өйткені, ауылға жұмыс істеймін деп келген кейбір пысықай үйді өз атына аударып алғаннан кейін көшіп кететін көрінеді. Ал жұмыс беруші тағы да қомақты қаражат жұмсап, баспана салуға мәжбүр болады. Сондықтан серіктестік басшылары ережені қайта қарастыру қажет деп отыр.