Спорт Қазақстан
$443.37 €474.49 ₽4.83
×

"Мемлекеттен бөлінетін субсидия аз",- кәсіпкер

16.01.2024ж. 20:00
523
"Мемлекеттен бөлінетін субсидия аз",- кәсіпкер

Мемлекеттен бөлінетін субсидия аз. Ақмолалық шаруашылық төрағасы осылай дейді. Айтуынша соңғы үш жылда серіктестігін өз қаражатына инвестициялаған. Бірақ, бұл қожалық жұмысын өркендетуге кедергі келтіріп тұрған көрінеді. Тілшіміз Дәрібек Бахытбек мәселені тарқатып айтады.

Республика бойынша егілетін астықтың үштен бір бөлігі- Ақмола өңіріне тиесілі. Алайда, ауыл шаруашылығы саласының аяғына тұсау боп тұрған мәселе көп. Тек ірі емес, шағын қожалықтар да субсидияға зәру. Ішкі шаруаларды реттеу үшін, кішігірім мәселелерді шешу үшін демеу қаржыны қажет етеді. "Атамекен Агро" шаруа қожалығы жұмыс тоқтап қалмас үшін соңғы үш жылда 29 миллиард теңгені өзі құйған. Басқарма төрағасының айтуынша, биыл қоймаға 240 мың тонна астық түскен. Ауа райының қолайсыздығына байланысты өткен жылмен салыстырғанда бұл 50 процентке төмен дейді.

Кинталь ИСЛАМОВ, "АТАМЕКЕН АГРО" ШАРУА ҚОЖАЛЫҒЫНЫҢ БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫ:

Ең үлкен мәселелердің бірі – неге шағын фермерлер ірі фермерлерден аз субсидия алады? Біз толық технологиялық процесті жасауға тырысамыз, яғни өсімдікті қорғау, тыңайтқыштармен қамтамасыз ету секілді. Ал, Солтүстік Қазақстан Облысы бойынша бізде проблема жоқ. Ақмола облысы бойынша бар. Арасында субсидия ала алмай қаламыз. Содан соң мерзімі өтіп кетеді. Бірақ бізде холдинг болған соң өзімізді инвестициялауға тура келеді.

"Атамекен Агро" шаруа қожалығы 2003 жылы құрылған. Содан бері көршілес мемлекеттерге астық экспорттайды. Әр елдің өз талаптары мен сапа стандарттары бар. Сондықтан оны арнайы мамандар тексереді. Айтуларынша нәтижесі бір-екі күнде дайын болады.

Айнұр ҚҰНАНБАЕВА, ЗЕРТТЕУШІ:

Мұнда көптеген бидай, ичимен, сұлы барлық астық тұқымдастарын қабылдаймыз. Және орталық качествасын шығарамыз. Мысалы келген машиналарды мынадай трубаларға бір күн жинаймыз. Барлық қабылдаған машианаларды. Ертең или кешке қарай средний качестваны шығарамыз.

Биыл кей жерде күнбағыс жиналмапты. Күзде жауған жаңбыр күнбағыстың 60, дәннің 90 пайызына зиян келтірген.

Денис ШВАЙБОВИЧ, "ДИХАН ПЛЮС" ЖШС ДИРЕКТОРЫ:

Қазіргі уақытта майлы дақылдар өндірісі үлкен көлемде дамуына байланысты сатуда біраз мәселелер бар. Сонымен қатар мемлекет тарапынан бұл өнімді шетелге сатуға қатысты шектеулер бар. Олар квоталармен немесе мемлекеттік баждармен кейінге қалдырылады. Бұл майлы дақылдармен айналысатын әрбір кәсіпорынның табысын көбейтуде үлкен проблема туғызады. Ішкі нарықтағы баға 150 мың теңгеге дейін, ал экспортқа сату 200 мың теңгеге дейін жеткізіледі.

Шаруа қожалығы Солтүстік Қазақстан облысында сүт фермасын салып жатыр. 3200 сауын сиырға арналған өндіріс орны ауыл тұрғындарын жұмыспен қамтуға сеп болмақ.

Ахан ДҮЙСЕНБАЕВ, "АТАМЕКЕН АГРО" ШАРУА ҚОЖАЛЫҒЫ БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Құрылысты аяқтауға қаражат жеткіліксіз. Биылғы жылы осы құрылысты маусым, шілде айларында аяқтауды жоспарлап отырмыз. Жоба өз қаражатына іске асырылуда. Бұл жобадан басқа, осы фермада кейінге қалдырған, іске асырылмаған бір жоба бар. Ол құс фабрикасы. Біз жүзеге асырғымыз келген ең ірі құс фабрикасы, бірақ әзірге кейінге шегіндірілді, келіссөздер жүргізіліп жатыр.

Бұл мәселелерді "Amanat" партиясы бақылауда ұстайды. Сондай-ақ партия ауыл шаруашылығына бөлінетін субсидияның ашық әрі әділ жүйеге түсуін қадағалайды. Енді қожалық иелері ішкі жұмыстарды дұрыстауы тиіс. Сонда нәтиже болады.