Спорт Қазақстан
$441.66 €475.14 ₽4.86
×

Қызылжарда жанжал кезінде пышақтан зардап шеккен студент ауруханаға түсті

16.01.2024ж. 20:00
451
Қызылжарда жанжал кезінде пышақтан зардап шеккен студент ауруханаға түсті

Қызылжарда колледж студенттері төбелесіп, бір жасөспірім пышақтан зардап шекті. Әлеуметтік желіде қанды қырғынның видеосы тарады. Борьки кентіндегі колледждің жатақханасында бірінші курс студенттері ішімдік ішіп, артынша жаға жыртысқан. Төбелес барысында бір студент екінші жігіттің қолын пышақпен тіліп жіберіпті. Біраз қан жоғалтқан жасөспірім дәрігерлердің көмегіне жүгінді. Қазір ауруханада ем-дом алып жатыр. Полиция бұған қатысты іс қозғап, тергеу жүргізуде.

Нұрбек БАЕКИН, СҚО ПД БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІНІҢ АҒА ИНСПЕКТОРЫ:

Жанжалдың колледждің бірінші курсында оқып жүрген құрдастардың арасында спирттік ішімдік ішуі барысында болғаны анықталды. Қазіргі уақытта сот-медициналық сараптама жүргізіліп жатыр. Оның нәтижелері бойынша түпкілікті процестер қабылданатын болады.