Спорт Қазақстан
$443.37 €474.49 ₽4.83
×

Петропавлда үйлерді су басуы мүмкін

AstanaTV
17.01.2024ж. 08:00
642
Петропавлда үйлерді су басуы мүмкін

Петропавлдың жеке секторында орналасқан үйлерді көктемде су басуы мүмкін. Өйткені жауған қар дер кезінде шығарылмай жатыр. Салдарынан жолдар тарылып, көлік қозғалысы қиындады. Солтүстік Қазақстанда қаңтар айының басынан бері түскен жауын-шашын көлемі әдеттегі мөлшерден 3 есе көп. Бұл туралы Қазақстан Телеарнасы хабарлайды. 

Биыл қала көшелерін қардан тазалауға 550 млн теңге бөлінген еді. Алайда, жұмыс сылбыр. Міндетіне салғырт қараған мердігер компанияға қатысты 18 әкімшілік хаттама толтырылып, 400 мың теңгеден астам айыппұл салынды. Ал қаладан шыққан қар төгілетін полигонды ретке келтіруге қазынадан 24 млн теңге жұмсалмақ. Бұл мақсатқа былтыр наурыз айында дәл осындай сома бөлінген болатын.

Наталья Левина, «Қазгиромет» СҚО филиалы директорының орынбасары:

Бірде жаңбыр, бірде қар жауып жер беті мұз болып қатып қалды. Биыл ылғал көп. Заречный, Ойқала, Жұмысшы кенті қауіпті аймақта тұр. Жиналған қар шығарылмаса, көктемде қала орталығын да су басуы мүмкін. Өйткені суағарларлар шыдамайды.