$480.55 €533.75 ₽5.36
×

Астана ЭКСПО-2017 көрмесінде бірыңғай қызмет көрсету орталықтары ашылды

AstanaTV
23.12.2016ж. 20:00
2460
Астана ЭКСПО-2017 көрмесінде бірыңғай қызмет көрсету орталықтары ашылды

ЭКСПО-2017 көрмесінің қатысушыларына арналған "Бірыңғай қызмет көрсету орталығы" мен "Акредиттеу орталықтары" жұмысын бастады. Аталған нысандар "бір терезе" қағидасы бойынша қызмет көрсететін болады. Бірыңғай қызмет орталығында мемлекеттік мекемелердің жұмыс кестесіне сай, таңғы сағат 9-дан кешкі 6 сағат аралығында қызмет көрсетіледі. Ішкі істер, кедендік одақ, салық органдары бойынша берілетін құжаттар дайындалады.

Ақсұлу Арзықұлова, "Астана ЭКСПО-2017" ҰК қызмет көрсету департаменті басшысының орынбасары:

Осы жерде өздерінің консультацияларын береді, осында құжаттарын дайындауға, тағы басқа жұмыстарын осы жерден бітіруге болады.

Акредиттеу орталығының да жұмысы аса маңызды. Әдетте, шет елден келген қонақтар туралы персоналды ақпаратты білу үшін, сұраныс хат жіберіліп 2 аптадан 2 айға дейін созылатын. Ал осы орталықта мамандар шет елдердің құқық қорғау органдарымен бірлесе отырып, 20 сағаттың ішінде толық ақпаратқа қол жеткізеді. Мамандардың көбі ағылшын тілін білмесе де, оларға еріктілер көмектесетін болады.

Маркен Ахметов, "Астана ЭКСПО-2017" ҰК операциялық басқару және менеджмент департаментінің басшысы:

Аккредиттеу жүйесі көрме кешені аумағында бақылау жүргізуге тиімді болмақ. Мұнда жауапты тұлға операциялық жүйеге кіріп, қажет деген кез келген елдің азаматы жайлы деректер алып, анықтамаларды біздің елдің 4 бірдей құқық қорғау органдарына жібереді. Ол біздің операторларға арнайы акредиттелген чипті бэйдж береді. Осы арқылы көрмеге  кімнің кіріп шығуға құқығы бар екенін оңай біле аламыз.