Республикалық
ономастика комиссиясы Инвестициялар және даму министрлігімен бірлесе отырып, еліміз бойынша 100-ге жуық станцияның атауында қателік және бұрмалау бар екенін
анықтаған. Нәтижесінде 85 бекеттің атауын
өзгерту жөнінде қорытынды жасалған көрінеді.
Бүгін
«Мирас» республикалық кеңесінің отырысында Мәдениет және спорт министрінің орынбасары Ақтоты Райымқұлова осылай деп
мәлімдей келе, нақты мысалдар келтірді.
Ақтоты
Райымқұлова, ҚР Мәдениет және спорт министрінің орынбасары:
Қазіргі
кезеңде еліміздегі теміржол стансалардың атаулары бұрмаланып, көрнекі
ақпараттарда қателіктердің орын алуына байланысты қоғамда сын-пікірлер
қалыптасуда. Қала, елді мекен атауларымен сонда орналасқан стансалардың
атауларында әркелкілік бар. Мәселен, Ақтөбе - Актюбинск, Көкшетау - Кокчетав,
Қостанай - Кустанай, Шу - Чу, Шалқар - Челкар деген сияқты.
Жиын
барысында терминология тақырыбы да қозғалды. Аталған сала бойынша құрылған
комиссия бекітетін терминдердің санын 2017 жылы 18 000 мыңға, ал 2020 жылға
қарай 27 000 мыңға жеткізу жоспарланып отыр. Бүгінге дейін бірқатар шаруалар
атқарылса да, комитеттің жұмысын
біржақты қылмай, іс оңды болмайды, - дейді
кеңеске қатысушылар.
Оразкүл
Асанғазы, қоғам қайраткері:
Өздері
мемлекеттік тілді менсінбейтін, өздерінің министрліктеріне жарты қағазға енбеген
министрлердің ең жек көретін, ең құтылғысы келетін комитет - ол тіл комитеті.
Бұл бейшара кімге күйеуге шықпады, кімнен күйеуге қайтпады. Бұлар ақша, қаражат
жасау үшін ана министрлікке қосылып, мөрін ауыстырамын дегенше, келесісі келеді.
12 айдың 6 айында кіммен бірігеді, кіммен бірігетіні жоқ. Біріншіден, мен сізден
өтініп сұраймын. Егер осыны қолына алып «Нұр Отан», өзінің доктринасында
жасаған жетістігіне жеткіземін десе, біз жаңа жылда бүкіл тілді қаржыландыратын
министрлікті шақыруымыз керек.