Спорт Қазақстан
$441.8 €480.02 ₽4.88
×

Ақтөбедегі балабақшалардың бірінде бөбектерді қардың үстіне жалаң аяқ жүгіртеді

19.01.2024ж. 20:00
769
Ақтөбедегі балабақшалардың бірінде бөбектерді  қардың үстіне жалаң аяқ жүгіртеді

Ақтөбедегі балабақшалардың бірінде бөбектерді қардың үстіне жалаң аяқ жүгіртіп, шынықтырады. Бұл әдіс 36 жылдан бері қолданылып келеді. Ата-аналар мұны қолдайды. Себебі, денені шынықтарып, денсаулықты нығайтады дейді.

Бұл шынықтыру әдісі әуелі баланың тыныс алу практикасынан басталады. Қыста қардың үстінде осылай жалаң аяқ жүгіру үшін бөбектер арнайы дайындықтан өтеді.

Нұрзат МҰСТАФАЕВА, БАЛАБАҚША МЕҢГЕРУШІСІ:

Балалар үйрену үшін жазда шілде, тамыз айларынан бастап ауа тамшыларын қабылдау, тыныс алу жаттығулары, йога жаттығуларын жасау арқылы біртіндеп аяқтарын салқын судан бастап, жылы температурадан бастап градусын күн сайын төмен түскенше дайындалады. Ең соңында қарға аяқтарын салу арқылы.

Бұл әдісті алғаш рет 1988 жылы дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Ольга Васенкова арнайы үйірме ашып, енгізген. Содан бері бөбекжайда үздіксіз қолданылып келеді.

Ольга ВАСЕНКОВА, ЖАТТЫҚТЫРУШЫ:

Мен жұмысқа тұрғаннан бастап осы шынықтыру әдісін қолданып келемін. Балаларға қатты ұнайды. Салқын суға түседі. Қарда жалаң аяқ жүгіреді. Ол ең әуелі денсаулыққа пайдалалы. Бала осыған дағдыланады.

 Жанна ТЕКИРБАСОВА, АТА-АНА:

Мен -осы балабақшаның түлегімін. Кезінде 90 жылдары біз осылай қардың үстінде қыста жүгіріп, шынықтық. Содан кейін өз балаларымды осы балабақшаға әкелдім. Үлкен ұлымда осылай шынықты. Қазір қызым келіп жүр.Денсаулыққа өте пайдалы.

Бұл үйірмеге бала өз қалауымен және ата-ананың келісімен ғана қатысады. Жылдан жылға қызығушылық танытатындар көбеюде.

Аяулым САЛАМАТ, БАЛАБАҚША ТӘРБИЕЛЕНУШІСІ:

Біз үстімізден салқын суып құйып шынығамыз. Қарда жалаң аяқ жүгіреміз. Мен ауырғым келмейді сондықтан осы үйірмеге қатысамын.

 Инара ШЫНТІЛЕУОВА, АТА-АНА:

Қызыма ұнап жүр. Бұрын жиі ауыратын еді. Осы сабаққа қатысқалы жиі ауыратыны тоқтады. Денсаулығы жақсарды. Иммунитеті көтерілді.

 Балабақшада 372 бүлдіршін бар. Дене шынықтыру үйірмесіне соның жүзге жуығы қатысады. 30-ы тәнді сауықтыру әдісімен тұрақты айналысады.