Спорт Қазақстан
$442.05 €474.14 ₽4.74
×

Алматыда 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындары қарсаңында “Құлагер” республикалық әдеби байқауы жарияланды

19.01.2024ж. 20:00
849
Алматыда 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындары қарсаңында “Құлагер” республикалық әдеби байқауы жарияланды

Алматыда Дүниежүзілік көшпенділер ойыны қарсаңында республикалық “Құлагер” әдеби байқауы жарияланды.Сайысты Ұлттық спорт қауымдастығы және Қазақстан Жазушылар Одағы бірлесе ұйымдастыруда. Басты мақсат ұлттық рухты көтеріп, спортшыларды жігерлендіру. Байқау 7 номинация бойынша өтеді. Қатысушылардың жасына шектеу қойылмайды. Сайыста әр номинацияның үздік деп танылған авторына Ұлттық спорт қауымдастығының атынан 2 миллион теңге көлемінде қаржылай сыйақы беріледі. 

Мереке ҚҰЛКЕНОВ - ҚАЗАҚСТАН ЖАЗУШЫЛАР ОДАҒЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

Осы спорт жарысының аясында бүгін сіздердің алдарыңызда қазақстандық жазушылар мен ақындарға үлкен бәйге жарияланады. Онда біздің ұлттық ойындарымыздың ерекшелігі, ұлтты ойындарымызға қатысты адамдардың мінез құлқы, жалпы қазақ деген халықты басқа халыққа танытатындығы жөнінде керемет жақсы шығармалар жазылады деп ойлаймын.