Спорт Қазақстан
$442.05 €474.14 ₽4.74
×

Зейнетақы қоры: қазақстандықтар баспана алуға және емделуге қанша қаржы жұмсады?

AstanaTV
19.01.2024ж. 17:13
707
Зейнетақы қоры: қазақстандықтар баспана алуға және емделуге қанша қаржы жұмсады?

Қазақстандықтар тұрғын үй сатып алуға және (немесе) емделуге 1,9 млн өтінішке сәйкес шамамен 3,8 трлн теңге көлеміндегі зейнетақы жинақтарын пайдаланған, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының баспасөз қызметі хабаралағандай, зейнетақы жинақтарын азаматтар БЖЗҚ-дағы зейнетақы жинақтарының тұрғын үйге, емделуге немесе басқарушы компанияларға аударуға қолжетімді сомасы шегінде бірнеше рет пайдалана алады.

«2021 жылғы қаңтардан бастап 2024 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша «БЖЗҚ» АҚ салымшылардың (алушылардың) тұрғын үй жағдайларын жақсарту үшін зейнетақы жинақтарын пайдалануға берген 1 453 904 өтінішін орындады. БЖЗҚ қазақстандықтардың уәкілетті оператор-банктерде ашылған арнайы шоттарына 3,3 трлн теңгеден аса қаржы аударды», - делінген қор хабарламасында.

Біржолғы зейнетақы төлемдерінің орташа сомасы – шамамен 2,3 млн теңге.

Тұрғын үй жағдайларын жақсартуға берілген өтініштердің ең көп саны Алматы қаласының (18,5%), Астана қаласының (14,1%), Маңғыстау облысының (10,1%) тұрғындарынан түскен.

«Салымшылардың (алушылардың) зейнетақы жинақтарын пайдалану мақсаттарын талдай отырып, мынадай қорытынды жасалды: барлық өтініштердің шамамен 34,4% – азаматтық-құқықтық мәмілелер бойынша меншікке тұрғын үй сатып алу (түпкілікті есеп айырысу), өтініштердің 21,5% – тұрғын үй құрылыс жинақ ақшасына одан әрі жинақтау үшін салымды толықтыру, 16% - ипотекалық тұрғын үй қарызы бойынша берешекті ішінара өтеу (оның ішінде ислам банкінің қаржыландыруы шеңберінде), 15,5% - тұрғын үй құрылыс жинақтары жүйесі бойынша ипотекалық қарыз бойынша берешекті ішінара өтеу мақсаттарына жұмсалған», - делінген хабарламада.

Айта кетейік, уәкілетті операторлардан 500,3 млрд теңге салымшылардың (алушылардың) жеке зейнетақы шоттарына (ЖЗШ) қайтарылды, себебі, отандастарымыз біржолғы зейнетақы төлемдерін өтініш берушінің өтініші және өзге де себептер бойынша белгіленген мерзімде пайдаланбаған.

Сондай-ақ БЖЗҚ емделу үшін жалпы сомасы 419,3 млрд теңге болатын 477 866 өтінішті орындады. Алынған соманың орташа мөлшері – 0,88 млн теңге.

«Өтініштердің 96,5% стоматологиялық қызмет алу үшін, 2,5% офтальмологиялық қызметтерді алу бойынша орындалды. Қалған медициналық бағыттарға зейнетақы жинақтарының шамамен 1% пайдаланылды», - делінген хабарламада.

Салымшылардың (алушылардың) БЖЗҚ-дағы ЖЗШ-на 37,5 млрд теңге қайтарылды, бұл қаражат өтініш берушінің өтініші және өзге де себептер бойынша белгіленген мерзімде пайдаланылмаған.