Спорт Қазақстан
$441.66 €475.14 ₽4.86
×

"Анасы табылды". Қымбат Досжан шетелдіктер асырап алған тағы бір Жәнібек туралы айтты

AstanaTV
19.01.2024ж. 22:56
22693
"Анасы табылды". Қымбат Досжан шетелдіктер асырап алған тағы бір Жәнібек туралы айтты

Журналист Қымбат Досжан бельгиялықтар асырап алған Жәнібек есімді баламен аттас тағы бір баланың табылғанын мәлім етті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Оның айтуынша, Арқалықтан Жәнібек есімді тағы бір баланы шетелдіктер асырап алған.

Арқалықтан Бельгияға кеткен асыранды балалар ішінде Жәнібек есімді тағы бір баланың болғаны анықталды. Екінші Жәнібектің туған анасы, нағашылары табылды, бүгін ДНҚ анализ тапсырды. Шақшақ Жәнібектің құрметіне аталып, туған жер мен анасынан, діні мен тілінен жырақтап кеткен Жәнібектер, - деп жазды журналист.