Спорт Қазақстан
$443.37 €474.49 ₽4.83
×

Филиппин азаматымен бас қосып, үш қазақ баланы бауырына басқан блогер мәлімдеме жасады

AstanaTV
19.01.2024ж. 23:19
816
Филиппин азаматымен бас қосып, үш қазақ баланы бауырына басқан блогер мәлімдеме жасады

«Менен балаларды ешкім тартып ала алмайды» дейді блогер.

Smart News басылымының хабарлауынша, әлеуметтік желіде «Жаным Баклажаным» лақап атымен танымал блогер, төрт баланың анасы Айдын Тоқсанбаева оқырмандарының сұрақтарына жауап беріп, үш баласына қатысты мәлімдеме жасады.

Америкаға қоныс аударып, филиппин азаматымен отбасы құрған блогер оқырманының «Балалар өскенде аналары келіп, «алып кетемін» деп ұрыс шығарса не істейсіз?» деген сауалына былай деп жауап қатты:

«Биологиялық анасының балаларға еш қатысы жоқ қазір. Өйткені құжат бойынша туған – мен. Олардың қамқоршысы емес, анасымын. Менен балаларды ешкім тартып ала алмайды. Балаларға өзім айтамын. Көремін десе, таныстырамын. Көрмеймін деген дәреже жеткізбеймін. Өйткені ол жандарға менің алғысым шексіз. Амандығын әрдайым Алладан сұрап жүремін. Биологиялық анасы маған келіп ұрыс шығара алмайды. Себебі қай уақытта да көремін десе, қарсы болмағанмын. Қазақстанда жүргенде көрсетіп, кейбіреуін үйге де алып келгенмін Олар маған риза», - деді блогер.

Сондай-ақ блогердің оқырмандарының бірі «Менің бір қызымды балаңа алып берші» деп әзілдеген оқырманына:

«Балалар өздері шешсін. Біз тудық, өсірдік. Бірақ біз кімге үйленетініне араласуға хақымыз жоқ. Бірақ мен әрдайым елестетемін, қалай қазақ қызына барып құда түсіп, қызды сондай әдемі етіп алып кететінімізді. Өзіммен өзім көп қалың мал беріп, қыздың ата-анасына алғысымызды айтып абыроймен күштілеп алып кететінімізді жиі елестетемін», - деді блогер.