Спорт Қазақстан
$443.35 €475.54 ₽4.82
×

Петропавлда бес жігіт 17 жастағы қызды жабылып зорлаған

AstanaTV
20.01.2024ж. 15:41
2250
Петропавлда бес жігіт 17 жастағы қызды жабылып зорлаған

Петропавлда бес жігіт 17 жастағы қызды жабылып зорлаған, - деп хабарлайды Massaget.kz.

Қаскөйлер кәмелетке толмаған жасөспірімді әбден қорлаған. Петропавл тұрғыны қызының зәбір көргені туралы полицейлерге арыз түсірген.

Бірден іске кіріскен тәртіп сақшылары көп ұзамай осы қылмысқа қатысы бар деген күдікпен бес адамды ұстаған. Олар - 17 мен 20-ның аралығындағы жігіттер. Қазір үшеуі уақытша ұстау изоляторына қамалған. Ал екеуіне қатысты қолданылатын шара тергеу барысында анықталады. Сот сараптамасы тағайындалған.

Зорлау және сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекет үшін 15-17 жылға бас бостандығынан айырылу жазасы қарастырылған.