$453.87 €508.33 ₽5.65

Шымкентте заңсыз вейп саудасының жолы кесілді: күдіктіден 4 млн теңгенің тауары тәркіленді

Шымкентте заңсыз вейп саудасының жолы кесілді: күдіктіден 4 млн теңгенің тауары тәркіленді
Фото скрин

Шымкентте полиция қызметкерлері электрондық тұтыну жүйелерін заңсыз сатумен айналысқан азаматты ұстады, деп хабарлайды Astana TV.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында күдіктінің автокөлігінен жалпы саны 400 вейп табылып, тәркіленді. Өнімдердің жалпы құны — 4 миллион теңге.

Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр.

Полиция ескертеді:

елімізде электрондық тұтыну жүйелерін, яғни вейптерді сатуға, таратуға, әкелуге және өндіруге заңмен қатаң тыйым салынады. Аталған талаптарды бұзғаны үшін қылмыстық жауапкершілік көзделген.