Спорт Қазақстан
$444.14 €477.05 ₽4.85
×

Мектеп жатақханасындағы өрттен 13 адам қаза болды

AstanaTV
20.01.2024ж. 18:23
1357
Мектеп жатақханасындағы өрттен 13 адам қаза болды

Мектеп жатақханасындағы өрттен 13 адам қаза болды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

Оқиға Қытайда болған.

Бұл туралы Қытайдың Синьхуа агенттігі хабарлады.

Өрт жұма күні болған. Сағат 23:00 кезінде өртпен күрес қызметіне Яньшаньпу ауылындағы Инцай мектебінің жатақханасынан өрт шыққаны туралы хабар түскен. Құтқарушылар бірден оқиға орнына жетіп, өрт 23:38-де сөндірілді.

Бір адам жарақат алып, қазіргі таңда ауруханада ем алып жатыр.