Спорт Қазақстан
$441.44 €473.09 ₽4.75
×

«Қазақ терминаторы» тоқал алды

AstanaTV
20.01.2024ж. 19:27
978
«Қазақ терминаторы» тоқал алды

Белгілі қазақстандық ережесіз жекпе-жек шебері Мұратбек Қасымбай тоқал алды, деп хабарлайды Bassport.kz.

Ол өзінің Instagram парақшасында «Сүйінші тоқал алдым!» деп жазды. Бірақ әйелінің суретін смайликпен жауып қойған. Бұған ережесіз жекпе-жек шеберлерінен тоқал алғанын ашық мойындаған Жалғас Жұмағұлов болатын. 2021 жылы екі әйелінен 6 баласы бар екенін жеткізген.

Айта кетейік, Мұратбек Қасымбай соңғы жекпе-жегінде төрешілердің шешімімен Александр Грозинге есе жіберген. «Қазақ терминаторы» атанған спортшы жеңіл салмақта өнер көрсетеді.

2021 жылы панкратионнан әлем чемпионы атанған. ММА лигаларында 16 жекпе-жек өткізіп, 12-сінде жеңіске жеткен.