Спорт Қазақстан
$443.37 €474.49 ₽4.83
×

Валерий Меладзенің Алматыдағы концерті өтпейтін болды

AstanaTV
20.01.2024ж. 19:31
1300
Валерий Меладзенің Алматыдағы концерті өтпейтін болды

Алматыда 20, 23 және 25 қаңтарға жоспарланған Валерий Меладзенің концерті өтпейтін болды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Ресейлік әнші Валерий Меладзенің отбасындағы қайғылы жағдайға байланысты қаңтар айына жоспарланған концерті кейінге шегерілді.

«Құрметті достар! Жақын адамдарының бірінің қайтыс болуына байланысты, маған Алматыда өтетін концертімді 2,4 және 6 ақпанға ауыстыруыма тура келіп тұр. Мені түсінесіздер деп ойлаймын»,- деді әнші.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, сатып алынған барлық билет жаңа күнге жарамды болады.

Билетті өткізу үшін алынған жерге хабарласу керек.