Спорт Қазақстан
$441.44 €473.09 ₽4.75
×

АҚШ-та қыс қаһарына мінді

AstanaTV
21.01.2024ж. 08:00
1325
АҚШ-та қыс қаһарына мінді

 Ақ ұлпаға ораған табиғаттың тосын мінезіне арктикалық циклон себеп. Осы аптада Колумбия округіне жауған қардың қалыңдығы 15 сантиметрге жетті. Мұндай қолайсыз ауа райы соңғы екі жылда болмаған екен,-деп хабарлайды 24.KZ.

Колумбия округінің мэрі аймақта жарияланған төтенше жағдайды жексенбіге дейін ұзартты. Мұндай қыс АҚШ астанасы мен оның маңайында тұратын жұртшылық үшін таңқаларлық әрі таңсық жайт.

Қарлы боранға байланысты сейсенбіде балабақшалар мен мектептердегі сабақтар тоқтатылып, жоғары оқу орындары және мемлекеттік қызметкерлердің көбі онлайн режимге көшкен еді. Сәрсенбіден бастап бірқатар оқу орындары таңертеңгі жұмыс уақытын екі сағатқа шегерген.

Вирджиниядағы Джордж Вашингтон тас жолы көктайғақ салдарынан 2 күнге жабылды. Аптаның басында әуе рейстері жаппай кешігіп, кейбірі тоқтатылды.