Спорт Қазақстан
$443.35 €475.54 ₽4.82
×

Мәскеуге бет алған үнді ұшағы Ауғанстан аймағында апатқа ұшырады

AstanaTV
21.01.2024ж. 17:00
829
Мәскеуге бет алған үнді ұшағы Ауғанстан аймағында апатқа ұшырады

Мәскеуге бет алған Үнді компаниясының ұшағы Ауғанстанның солтүстік-шығысында апатқа ұшырады. Деректерге сай ұшақ құламастан бұрын радардан жанармайдың таусылғаны мен қозғалтқыштың істен шыққаны хабарланған. Бұл туралы Aamaj News хабарлайды.

Shot telegram арнасының хабарлауынша, Үндістаннан Мәскеуге ұшып бара жатқан Falcon 10 ұшағы жоғалып кетуден 25 минут бұрын радардан жанармайы таусылып, Тәжікстандағы аэродромға қонғалы жатқанын хабарлаған.

"Жергілікті уақыт бойынша сағат 19:05-те ұшқыштар жанармайдың аз мөлшері, 19:19-да - бірінші қозғалтқыштың істен шыққаны, ал 19:29-да - екіншісінің істен шыққаны туралы хабарлады.Соңғы хабарламадан бір минуттан кейін ұшақ Тәжікстандағы әуежайдан 57 шақырым жердегі радардан жоғалып кетті", - деп хабарлады "Лента дня" telegram каналы.

Aamaj News агенттігіне сілтеме жасаған ТАСС хабарына сенсек, Мәскеуге бет алған үнді компаниясының ұшағы Ауғанстанның солтүстік-шығысында құлаған.

Агенттік ұшақтың моделін және борттағы адамдардың болжамды санын атамады. Росавиация Ауғанстанда жоғалып кеткен Falcon ұшағы Ресей федерациясының Азаматтық әуе кемелерінің мемлекеттік тізілімінде тіркелгенін хабарлады.

Алдын ала мәлімет бойынша, бортта 6 адам болған: экипаждың 4 мүшесі және 2 жолаушы. Қазіргі уақытта ұшақты іздеу жұмыстары жүріп жатыр. Росавиация хабарына қарағанда, ұшақ Гай (Үндістан) - Ташкент - Жуковский бағыты бойынша чартерлік санитарлық рейс орындаған. 1978 жылы шығарылған ұшақ "Атлетик Групп" ЖШҚ және жеке тұлғаға тиесілі.