Спорт Қазақстан
$443.37 €474.49 ₽4.83
×

Ертіс өзенінде су көтеріліп, 11 адам эвакуацияланды

AstanaTV
21.01.2024ж. 22:14
1862
Ертіс өзенінде су көтеріліп, 11 адам эвакуацияланды

Түнде Бейбітшілік аралынан 11 адам (7 ересек, 3 бала) эвакуацияланды. Олар Семей қонақ үйіне орналастырылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Абай облысы әкімдігінің мәліметінше, үй жануарлары қауіпсіз жерге жеткізілді. Эвакуацияланған адамдарға ыстық тамақ берілді. Қазіргі уақытта эвакуацияланған отбасылар үйіне қайтты.

Қазіргі уақытта су деңгейі төмендеп, тұрғын үйлерді су басу қаупі жоқ. Әр сағат сайын учаскелерді аралау (Бейбітшілік аралы, Д/М.Бобровка) және су деңгейіне мониторинг жүргізіледі. Су деңгейін өлшеу әр 2 сағат сайын жүргізіледі, - Абай облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

2024 жылғы 21 қаңтарда сағат 10:00-де Семейдегі Ертіс өзенінің су деңгейі 457 сантиметр болды.

Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері жергілікті атқарушы орган және ҚР ТЖМ 68303 ә/б Бейбітшілік аралы тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында 21 қаңтарға қараған түні бөгет салып, өзен арнасына су бұру үшін жол төсемін ашу сияқты инженерлік жұмыстар жүргізді, - делінген хабарламада.

Төтенше жағдайлар департаментінің күшімен өзен арнасына 5 850 текше метр су қайта жіберілді.