Спорт Қазақстан
$443.35 €475.54 ₽4.82
×

Джокович Рыбакинаның ойынына тамсанды

AstanaTV
21.01.2024ж. 21:45
1413
Джокович Рыбакинаның ойынына тамсанды

«Үлкен дулыға» турнирлерінің 24 дүркін чемпионы, әлемнің бірінші ракеткасы сербиялық Новак Джокович Австралия ашық біріншілігінің матчтарын жіті қадағалап отырғанын айтты, деп хабарлайды BasSport.kz.

Сол ойындардың ішінде қазақстандық Елена Рыбакинаның ойын өрнегіне тәнті болғанын жасырған жоқ.

Теннисті ләззат алу үшін көремін. Мысалы, Рыбакина мен Блинкова матчын тамсана отырып тамашаладым. Керемет ойын, деміңді ішке тартып көрген тай-брейк болды. Ерлер матчтарын да қараймын. Қалай ойнап жатқаны қызық қой. Біз бәріміз бір-біріміздің кездесулерімізді бақылап жүреміз. Кешкі уақытта демалып отырып теледидарды қосып қоясың да ойынды тамашалайсың. Қарсыластарымның ойындарын да қарап отырамын, – деді Джокович турнирдің ширек финалына шыққан соң берген сұхбатында.