$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Самат Смақовтың ұлы Түркия клубына ауыспақ

AstanaTV
22.01.2024ж. 08:36
Самат Смақовтың ұлы Түркия клубына ауыспақ

Аламгир Смақов "Қайрат" академиясынан кетіп, Түркияға ауыспақ, деп хабарлайды BasSport.kz.

Дереккөз мәліметінше, Самат Смақовтың ұлы өз карьерасын Түркия клубында жалғастырады. Аламгир Смақовтың жасы 15-те.

Былтыр ол Қазақстанның U-17 құрамасында ойнаған.

Айта кетейік, Самат Смақовтың өзі Түркияның "Ризеспорында" өнер көрсетті. Дәл қазір Самат - "Астана” клубының техникалық директоры.