Спорт Қазақстан
$443.35 €475.54 ₽4.82
×

Тұрғындар тарақанға қарсы тазалау жұмыстарына уланып қалды

AstanaTV
22.01.2024ж. 07:11
2220
Тұрғындар тарақанға қарсы тазалау жұмыстарына уланып қалды

Оралда көпқабатты үйде пәтер иесі тарақандарды улаймын деп көршілерін қоса улады. Нәтижесінде бүлдіршін мен тұрғындар ауруханаға түсті. Бұл туралы "Мой город" порталы хабарлайды.

Төтенше жағдай Завокзальный көшесіндегі №61/3 үйде болған. Батыс Қазақстан облысы ІІД баспасөз қызметінің хабарлауынша, 23.00-де көпқабатты үйдің 36 жастағы тұрғыны өз пәтерінде тарақандарды өлтіретін затты шашып жіберген. Кейін көршілері өздерін нашар сезініп, жедел жәрдем шақырған.

Батыс Қазақстан денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі химиялық затпен жаппай ингаляциялық улану болғанын хабарлады. Бес азамат облыстық жедел медициналық жәрдем станциясының жедел жәрдем бөліміне жеткізілген. Зардап шеккендер қатарында 50 жастағы ер адам, 73, 42 және 32 жастағы әйел мен 5 жасар қыз болған.