Спорт Қазақстан
$443.44 €480.51 ₽4.88
×

Теміржолмен жолаушыларды тасымалдау бағасы келер жылы 3-7 пайыз аралығында қымбаттайды

AstanaTV
27.12.2016ж. 20:00
2443
Теміржолмен жолаушыларды тасымалдау бағасы келер жылы 3-7 пайыз аралығында қымбаттайды

Келер жылы теміржолмен жолаушыларды тасымалдау бағасы 3-7 пайыз аралығында қымбаттайды. Тек әлеуметтік маңызы бар 15 бағытқа 3 жыл бойы өзгеріс енгізілмейді. Бұл туралы Инвестициялар және даму министрлігінің көліктік бақылау комитетінің төрағасы айтты.

Жалпы субсидия құны 23 миллиард теңгені құрапты. Алдағы уақытта жолаушыларды тасымалдаушы компания қызмет көрсетуін жақсартып, бірнеше жаңа функцияларды да енгізбек. Атап айтсақ, ендігі жылдан бастап, поезд кешігетіні белгілі болса, компания смс хабарлама арқылы жолаушыны құлағдар ететін болады, шығын қызмет көрсетуші компания есебінен. Пойыздар кестесінде де аз-маз өзгертулер болуы мүмкін. Тағы бір тілге тиек етер жайт, қауіпсіздікке ерекше көңіл бөлініп, жолаушыларды тексеру күшейеді. Бұл негізінен үкіметтің жолаушыларды тасымалдаушы компаниялар мен келісімі негізінде жүзеге асып отыр.

Әсет Асавбаев, ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің көліктік бақылау комитетінің төрағасы:

2017 жылы 55 жаңа вагон сатып алуға 16 млрд теңгеге жеке инвестиция тартылады. Тасымалдаушылармен жасасқан шарттар негізінде 30 пайыз вагондар паркін жаңарту міндеттемелері қабылданды, бұл 500 вагоннан астам. 2017 жылы субсидиялау есебінен қосымша 24 вагон сатылып алынады.