Спорт Қазақстан
$443.85 €474.3 ₽4.8
×

Жемқор мемлекеттік қызметкерлер соңғы 2 жылда мемлекетке 48,5 миллиард теңгеге шығын келтірген - А. Шпекбаев

AstanaTV
27.12.2016ж. 20:00
2664
Жемқор мемлекеттік қызметкерлер соңғы 2 жылда мемлекетке 48,5 миллиард теңгеге шығын келтірген - А. Шпекбаев

Жемқор мемлекеттік қызметкерлер соңғы 2 жылда мемлекетке 48,5 миллиард теңгеге шығын келтірген. Сенаторлар алдында жемқорлыққа қарсы стратегияның іске асуын айтқан агенттік төрағасының орынбасары Алик Шпекбаев айтты. Осы аралықта 1888 мемлекеттік қызметкер жауапқа тартылған. Олардың 22-сі республикалық деңгейдегі лауазымды тұлға, 109-ы облыстық деңгейдегі, тағы 286-сы қалалық, ауылдық жерлердегі жетекшілер. Істі тергеу кезінде олардан келген шығынның үштен екі бөлігі өндірілген. Ал соңғы 5 жылда жымқырылған 70 миллиард теңге шетел асып кеткен. 47 шенеунікке халықаралық іздеу жарияланған. Биыл жемқор салалардың көшін Ішкі істер министрлігі бастап тұр. Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары парақорлық түбіне балта шабу үшін Шығыс Еуропа, Балтық елдері мен Грузия тәжірибесін мысалға келтірді.

Алик Шпекбаев, ҚР мемлекеттік қызмет істері және жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары:

Грузияда шенеуніктердің санын 3 есе азайта отырып, жалақысын 3 есе көбейткен. Біз Ерғожин мырзамен осыны мәселені талқылаған болатынбыз. Қазақстанда мемлекеттік қызметкерлердің санын 35 пайызға азайтса, әкімшілік шығындарды есептей отырып, еңбек ақысын 2 есеге көбейтуге болады. Бұдан басқа жағдай жасау мен мемлекеттік қызметке беки түсудің басқа мүмкіндігі жоқ. Әрине, бұл үшін тыңғылықты жұмыс жүргізу керек. Мұны біз жоба ретінде ұсынып көрмекпіз. Бұл арқылы барлығы өткен.