Спорт Қазақстан
$439.4 €473.54 ₽4.76
×

Атырауда бір күнде екі әйел үйінен босанып қалды

22.01.2024ж. 20:00
450
Атырауда бір күнде  екі әйел үйінен босанып қалды

Атырауда бір күнде екі әйел үйінде босанып қалды. Жүкті келіншектердің туыстары "шақырған жедел жәрдем уақытында келмеді" деп отыр. Мереке Құмаров бүгін таңертең әйелін өзі босандырып алыпты. 8-ге таман келіншегі өзін жайсыз сезініп тұрғанын айтқан. Бірден жедел-жәрдемге қоңырау шалған. Олар келем дегенше, телефонның ар жағындағы дәрігердің кеңесімен, алтыншы перзентін қолына алыпты.

 Мереке ҚҰМАРОВ, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:

Қабылдаған диспечердің ұзақтығы деп ойлаймын. Ол кісілерге аты жөні мен диагнозын айтқан кезде, ол кісі қайталап кері сұрады, жасын, қосымша информация сұрап жатты. Мен эстренный вызов беріп бала шығып жатыр дегеннен кейін жедел жәрдем қызметі дереу қабылдау керек деп ойлаймын. Басында бала үндемей қалды шығып жатқанда. Екі аяғынан көтеріп, құйрықтан тартқан кезде бақырды. Аллаға шүкір баланың жағдайы жақсы болды ғой,- дедім.

Көпбалалы отбасының үлкені 9 жаста, кішісі екіде. Отағасы үйде өзім болмасам, не боларын көз алдыма елестете де алмаймын,- дейді. Жедел жәрдем босанған соң 15 минуттан соң ғана келіпті. Ана мен баланы бірден перзентханаға алып кеткен. Дәл осындай тағы бір жағдай тіркелді. Жедел жәрдемдегілер болса, үйден босану әсіресе көпбалалы аналарда кездеседі,- дейді. Өздерін тәжірибелі сезініп, уақыт оздырып жүріп алатын көрінеді. Жылына шамамен 50 шақты жүкті әйел үйіне босанады екен.    

Азамат ЕРБОЛОВ, ОБЛЫСТЫҚ ЖЕДЕЛ ЖӘРДЕМ СТАНЦИЯСЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ:

Категория бойынша жедел-жәрдем уақытында барған. Ешқандай кешігу көріп тұрған жоқпын. Бұл әйел адам 3 санатқа жатады. Жарты сағаттың ішінде бару керек. Физиологиялық үй жағдайында босану қалыпты жағдай болып саналады.