Спорт Қазақстан
$443.37 €474.49 ₽4.83
×

Қытайда 47 адам мен 18 шаруашылық үйінді астында қалды

22.01.2024ж. 20:00
482
Қытайда  47 адам мен 18 шаруашылық  үйінді астында қалды

Америка Құрама Штаттарының басым бөлігінде сынап бағанасы 34 градусқа дейін төмендеді. Салдарынан жолдар жабылып, тұрғындар жарықсыз қалды. Қаза тапқандардың да саны күн санап артып жатыр. Әріптесім Сүндет Оралбек жаһандағы жаңалықтарды шолып шықты. 

Қытайдың оңтүстік-батысындағы Юньнань провинциясында су мен тас көшкіні болды. Салдарынан 47 адам мен 18 шаруашылық үйінді астында қалды. 500-ден астам адам қауіпсіз орынға көшірілді. Оқиға орнында іздестіру-құтқару операциясы әлі жүріп жатыр.

Ақш-та аяздан 90-ға жуық адам көз жұмды. Әсіресе, Теннесси штатының тұрғындары қатты зардап шеккен. 45 мың тұрғын жарықсыз қалды. Пенсильвания, Калифорния және Нью-Мексикода дауыл соқты. Жалпы Америка Құрама Штаттарының көп бөлігінде ауа температурасы минус 34 градусқа дейін төмендеген. Бірнеше штатта қалың қар жауып, жол жабылды.

Германияға астероид құлады. Диаметрі 1 метр болатын аспан денесі түнгі 2-лер шамасында Лейпциг қаласының маңына түскен. Зардап шеккендер жоқ. Зерттеушілер астероид жерге құлағанша жанып, ұсақталып кеткен дейді. Аспан денесіне Sar2736 атауы берілді. Қазір астероидтың бөлшектері іздестіріліп жатыр.

Уэльстің оңтүстігінде «Иша» дауылы салдарынан 1000-нан астам үй жарықсыз қалды. 400-ден астам ғимарат бүлінген. Бүкіл Ұлыбританияда шектеулер мен ескертулер енгізілген. Теңізде алып толқындар көтерілді. Мамандар тұрғындарға көшеге шықпауға, ағаштар мен жартастарға жақын бармауға кеңес беруде. Тіпті жолдар мен көпірлердің жабылуы мүмкін екені айтылды. Дауыл Ирландияда да болып жатыр. Елде қызыл түсті ескерту енгізілген. Дублин әуежайында 148 әуе рейсі тоқтады.