Спорт Қазақстан
$439.4 €473.54 ₽4.76
×

Алматы қаласының аумағында қатты және жойқын жер сілкінісі күтілмейді - Министр

AstanaTV
23.01.2024ж. 10:23
1372
Алматы қаласының аумағында қатты және жойқын жер сілкінісі күтілмейді - Министр

Қазіргі уақытта өңірлерде ғимараттар мен құрылыстардың, оның ішінде қорғаныш гидротехникалық объектілердің ықтимал бұзылуына комиссиялық тексеру жүргізілуде. Бұл турады Үкімет отырысында Төтенше жағдайлар министрі Сырым Шәріпханов айтты.

«Сейсмикалық болжау комиссиясының өткізілген отырысына сәйкес Алматы қаласының аумағында қатты және жойқын жер сілкінісі күтілмейді. Осыған байланысты, өңірлердің тұрғындарынан дүрбелеңге түспеуін және тек ресми дереккөздерге сенуін сұраймын. ТЖ департаменттері азаматтардың барлық хабарламасын тіркеп, дереу шығуды жүзеге асыруда. Сонымен қатар халық арасында жер сілкінісі кезіндегі іс-әрекеттер бойынша кең үгіт-түсіндіру жұмыстары жүргізілуде», - деді министр.