$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Алматыда 44 адам медициналық көмекке жүгінді

AstanaTV
23.01.2024ж. 10:58
826
Алматыда 44 адам медициналық көмекке жүгінді

Түнгі сағат 1-ден бастап таңертеңге дейін Алматыда бас жарақаты, соғылу, аяқ-қолдың созылуы сияқты жеңіл және орташа ауырлықтағы түрлі жарақаттары бар 44 адам медициналық көмекке жүгінді.

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, әртүрлі көрсетілімдермен олар қаланың стационарларына жеткізілді, оның ішінде 34 ересек адам, оның 3-еуі емдеуге жатқызылды, 31 адам амбулаториялық емделуге жіберілді.

«Сондай-ақ 10 бала медициналық көмек алды, оның 5-еуі емдеуге жатқызылды, 5-еуі амбулаториялық емге жіберілді.
Барлық пациенттер қаланың емдеу мекемелерінде білікті медициналық көмекпен қамтамасыз етілді», - делінген хабарламада.

Түнде Алматы қаласының қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы жедел медициналық жәрдем қызметі мен барлық көпбейінді стационарлар, оның ішінде мамандандырылған стационарлар, балалар стационарлары, қаланың босандыру ұйымдары күшейтілген режимде жұмыс істеп жатқанын хабарлаған.